Өзгедей бiздер де сүйген - ек
Өзгедей бiздер де сүйген - ек, Ал, қазiр хәл басқа, күй бөлек, Өзiңсiз жалғасын тауып тұр, Күндерiм «күйгелек»… Деушi едiң бағым- сiз, мұңым - сiз, Тағатты тауыстың тым үнсiз, Өзiңсiз қиянға тартады, Түндерiм менің «тынымсыз»… Көрмесем шыдаушы - ем бұрын шақ, Тыйсаң да шаттықтың нұрын сап, Соғады ырғақтан жаңылмай, Жүрегiм менің «ұрыншақ»… Жөнiңе уақыт ығысты, Жанымды емдеуге тырысты, Өзiңсiз сауыққа тойып жүр, Жанарым менің «жымысқы»… Қайтесiң, елеме, төкпе сыр, Келтiрдiм өзiңе көп кесiр, Өзiңсiз өрнегiн жоғалтпас, Өлеңiм менің «өкпешiл»… Күндердiң соңынан күн ауып, Мұңға да берiлем бiр ауық, Сенсiз-ақ сен үшiн тiзiлдi, Жырларым менің «жылауық»… Тұспалдап танытсақ бiз өкпе, Жырды да, менi де түзетпе, Шыдамы шытынап шығатын, Мiнез ғой оған «тыз етпе»… Жабықса жыры да құтсыз, Жанарсыз, сендегi-жақұтсыз, Шабыты шайқалып кететін, Бұл ақын болды «бақытсыз»… Талап
| |
Просмотров: 701 | |