Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Мен сүйген қыз
Шабыттансам көңілімді баулаған,
Демек мені оған ғашық еткені...
Мен сүйген қыз, жүрегімді жаулаған,
Ең ғажайып төрт мезгілдің көктемі.

Мен сүйген қыз, сүйіп ұалған,
Жүрегімнің жылулығы - ғажабы.
Мен сүйген қыз, сүйген кезде,
Ашылғандай сұлулығы – ажары.

Мендегі шабыт, сезімді ойлап,
Терең бойлап, түбін әлі қазады.
Мен сүйген қыз, сенімен болсам,
Түкке тұрмас махаббаттың азабы.

Қай жүректе сезім шоғы жанбаған,
Жанса өшпес, махаббаттың алауы.
Өмірлік жар шаттығым деп таңдаған,
Мен сүйген қыз, жүрегімнің қалауы!!!
 
Файзуллин Мейрамбек 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 868 | Рейтинг: 0.0/0