Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Орамалын таққан сәт
Өтіп жатқан күндерімнің бірінде,
Жатталып қалды ерекше сұлу бейне.
Өте әдемі керемет жаратылыс,
Ғашық етті кенеттен мені өзіне.

Ғашықпын мен баяғыдан ғашықпын,
Көру үшін күнде оған асықтым.
Тағдыр жазып,Жаратушым қалаған,
Сол ма екен? менің қымбат бақытым.

Жатталып қалды ерекше сұлу бейне,
Сол сұлулық әлі менің көздерімде.
Сұлу жанды тағы сұлу ете түскен,
Орамал бар жарасқан келбетіне.

Сұлуымның бар еді орамалы,
Жылу үшін сол нәрсені қолданады.
Бір күні ол орамалын әдемілеп,
Хиджаб етіп басына орап алды.

Маған қарап күлімсіреп қос жанары,
"Осылай маған жараса ма?"-деп сұрады.
Үнсіз ғана жымиып бас изедім,
Ал жүрегім солай қатты қалады.

Айналамның бәрі де жоқ тәрізді,
Көзім түсті тек қана сұлуыма.
Тағы сұлу ете түскен сұлу жанды,
Риза болдым орамалын оранғанда.

Иманы бар оның нәзік жүрегінде,
Теңеймін мен оны аппақ періштеге.
Әп-әдемі сүйкімді періштем гой,
Бұл әлемде ұқсамайды ешкімге.

Қыз болған соң мінезі өте жұмсақ,
Жүсе екен орамалын мәңгі орап.
Күнде оны солай көрем деген оймен,
Бір Алладан тіледім,соны сұрап.

Періштеме ерсі қылықтар болған жат,
Тағдырымда болса ғой басыма бақ.
Мәңгі менің көз алдымда сол бейне,
Хиджаб етіп орамалын таққан сәт.
 
Айдынбек Зинелкабдиев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 751 | Рейтинг: 0.0/0