Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Махаббат мұңы
Мүмкін біздер, жаралмаған шығармыз,
Біріміз үшін біріміз.
Кейде таныс, кейде мүлде бөтенбіз,
Ғашық болып тек өзіңді сүйдім мен,
Өтседағы қанша көктем, қанша күз.

Сезбедің сен ешқашанда ұға алмадың сырымды,
Саған деген алаулаған оттай ыстық сезімді.
Жүрегімде жұмбақ қылып мен сырымды сақтадым,
Айта алмастан сүйем деген сөзімді.

Қинадың ғой жан жүректі жараладың неге сен,
Бір көрініп бір жоқ болдың ғайып болдың көзімнен.
Жоғалтып алған сияқтымын жалғыз қалған сәттерде,
Іздедім сені жолдардан алыс зарығып күні-түнімен.

Сағынамын, өзіңді бір күн көрмесем,
Сағынбаспа едім егерде бар жаныммен сүймесем.
Ұйқысыз ұзақ түндерді қалай айтпайын,
Ойлаумен сені жұлдызды санап өткізген.

Амалым не көнемінде жазғанына тағдырдың,
Бұл күн өтсе ертеңіне келер тағы жаңа күн.
Өткен күндер ұмытылар болмағандай ештеңе,
Ұмытылмас өзің ғана қаларсың мәңгі есімде....
 
Куаныш Алтынбеков 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 822 | Рейтинг: 0.0/0