Пәк сезім
Есіңдеме, кездескен сол күніміз, Не дегенмен бекер екен бұнымыз, Көрген кезде алғаш рет мен сен, Жүрек шіркін тулады ғой еріксіз. Ұмытпаспын қыркүйектің он бесін, Кездескен соң күн еді бұл келесі. Қайта-қайта көз алдымда елесің Дәл сол күні жүрегіме енгенсің. Көп ұзамай сезімімді ақтардым, Біле тұра пәк сезімнен жасқандың Жазығым тек сені құлай сүйгенім, Ал сен менің мұңымды да қақпадың Содан бері сырымды айтар ешкім жоқ Мұңымды айтар иманды жан таппадым. Мұңымменен бөліскен тек екі зат Ақ парақпен көк сиялы қаламсап. Қалдығой тек лүпілдеген жүректе, Сенің атың мәнгілікке жаттылып. Қақтыңғой сен саған созған қолымды, Өшірдің сен махаббаттан жолымды. Сенен маған берілген жоқ ештеңе, Не махаббат, не достықта таппадым. Ал мен саған бердім таза жүректен, Жыр жолдарын жазылған бір ақ парақ. Тым болмаса суретіңді бер маған, Қолыма алып мәңгілікке сақтармын. Бір мүмкіндік бергеніңде сен маған, Пәк сезімнің адалдығын ақтар-ем! Жасұлан
| |
Просмотров: 801 | |