Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Мені тыңда! Айтарым бар
Суретіңе қарап отырмын, үстіңде қызыл жидең,
Көзім жарқырады, журекпен сені суйген.
Мен қайда жүрсемде, тамырым тағы да соғып,
Өмірімде ояу жатыр, әрқашан сенің бейнең.
Мейлі, адам болмай кетейін сенің алдыңда,
Сақталып қалар өткен күндер, менің жадымда,
Білесің ғой, әр жағдайға мен Сабр етемін,
Өйткені бұл қасиет, бар менің қанымда.
Басты кейіпкерсің, сен деп соққан жүректе,
Әмір жүргізе алмадым, мына бейбақ жүрекке.
Бар назарым өзіңде, ештеңеге қарамаймын,
Уақыттың белесі деп, мұң қайғыны таңдамаймын.
Көзіңе қараған сайын, жүрегім тала бастайды,
Мұңды өткен күндерім, сені көрсе алыстайды.
Сенімен болса өмірім, уақытымды санамаймын,
Бар өмірімді, сенің жолыңа арнаймын.
Тоқта, тоқта! Мені тыңдап тұрсын ба?
Туыңды тікші, мәңгі менің қасыма.
Орныңды тапшы, мына өмір жалғанда,
Өтіріктің өткелі, ақиқатпен қалғанда.
Үмітсіз шайтан, сынағыңа тағы іліктім,
Үмітпен келе жатыр, армандаған барлық күн.
Жайқалмаған бәйтерекке түбінде жел барар,
Ызғарын берсе, оянбаған суық түн!

***
Айкерім, Жарығым дүниеңнен айналайын,
Менің сезімім алапат, айтшы кімнен қаймығайын.
Енді түсіндім, махаббаттың әрбір жолын,
Сен үшін туды ұстап, соғысқа мен барайын!
Тоқтатпа мені! Жолыңды азат етейін,
Мейлі жалғыз болсам, жалғыз өзім өлейін.
Тағдырымның тәлкегіне жарық болып кірсем де,
Сол соғыста көзді жұмып, түнек болып сөнейін.
Жүрегіме алау жақтың, унсіздікті билеме,
Мен сені түсірмеймін, аянышты күйге де.
Мен сенің қасыңдамын, мейлі алыс болсам да,
Қолымда жетер, бір күні сені сүюге.
Армандаған күн, болашағыма жетелейді,
Болашағым айтады, ТЕК СЕНІМЕН ЖЕТЕМ дейді.
Бірақ, білмеймін не боларын әрі қарай,
Күн қашан шықпайды, соған дейін кутем, мейлі.
Серт беремін, қасыңда қорғап мәңгі жүруге,
Адалдықтың туын ұстап, сені мәңгі сүюге.
Сен үшін қиындықтың отына да күюге,
Өмірімді арнап саған, құшағыңда өлуге.

***
Білемін, бір нәрсені сеземін мен,
Алыстан қараған жәудіреген.
Жаман болсың, жақсы болсын айтеуір,
Айқайға салмайын, сөзді ӘТТЕҢ деген.
Арамызда болып жатқан, шынайы,
Білесіңбе, бақытты тек, бақытты сәттер ғана құрайды.
Сезімімнің созылған жұқпалы мына дертіме,
Сенен басқа тірі жан, жолай алмайды.
Сенің жүзің, әріптерден құралған,
Сенде жатыр, орындалар бар арман.
бір сөзбен, ҚАСЫМДА БОЛУЫҢДЫ ҚАЛАЙМЫН,

Өйткені, мұны өзім қалағам.
Арман ғой, сендей қызды мәңгі сүю,
Ұмытпа, әркезде I MISS YOU .....
 
Gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 941 | Рейтинг: 0.0/0