Сізге жазған хаттардан
1 хат Сәлемім сіз секілді асыл затқа, Бөлсеңіз бірер көңіл, ғажап сезім махаббатқа. Көңілдегі бар сырым мен жырымды, Астарлап құпия етіп салдым хатқа. Менде осындай бұрын-соңды Іңкәр сезім болмапты, Мендегі ойлар сіз жайында қомақты. Жүрегім ғашықтықтың сырқатына шалдықты, Шалдықты да, шипа таппай сізге қарай аптықты. Саяхатқа шыққандай Теңіздей толқып жатыр бұл кеуде. Асқынбасын, тез жазылсын, десең бұл жара? Енді менің ем табыңыз дертіме? 2 хат Жаздым хатты саған тағы қаламменен Көңіліме ұялаттың сезім отын Сізге тағы бірер апта уақыт берсем? Бәлкім? Сізде ойланарсыз, ал мен үміттенем. Хатымды жаза берем сізге арнап, Қайран жүрек барады жанды қинап. Болғанда ғашық сіздің, ғазиз жаныңызға, Қайран жүрек қала берді қалғырап. 05.11.2012 3 ХАТ «Үмітсіз шәйтан»,- деп тағы бір сынадым өзімді-өзім, Жас жүректі ынтықтырды, ғашық сезім. Электрдің тогындай, жүрегіме қатты тиді, Анау күнгі, «ЖОҚ» деген сөзің. Айдай сұлу, аққудайын- ару қыз, Ғашық қылдың алтын-ау амалсыз. Жауабыңа көңіл толмай, таппадым жанға тағат, Тағы бір ойланарсың, ... жүрегіңмен жүрегімді бір санап. Саған тең келетін, бұл әлемде Барма қыз? Жүрегімді жараладың, ақ маңдайлы Самал қыз! | |
Просмотров: 894 | |