Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Cезім деген...
Сезім деген тулайды ғой еріксіз,
Жұмбақ сырын біле алмайсың белгісіз.
Неге жұмсақ жүрек мынау сезімтал,
Жүре алсам ғой бір сәтке мен сезімсіз.

Мүмкін емес,мүмкін емес белгісіз,
Адам деген жүре алмайды сезімсіз.
Сезім деген теп-терең бір тұңғиық,
Тұңғиыққа батқан адам қайта келмес.

Сезім деген адамның еркінде емес,
Аққудай боп қанат қаққан ол бір елес.
Сезім деген теп-терең теңіз бе?
Кейде ерке,назды,сырлы,қайғы-мұң.

Сезім деген шуақ шашар жұлдыз ба?
Сезім деген өмірдегі шың,құз ба?
Сезім деген мәңгі қалар санада,
Сезім деген өшпес мәңгі жара ма?

Сезім деген сағыныш та,махаббат,
Сезім дегн қайғы-мұңдар қатар-ақ,
Сезім деген қуаныш та,бақыт та,
Өмірдегі көктен жауған шапағат.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 821 | Рейтинг: 0.0/0