АЛ МЕН СЕНСІЗ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРЕМІН?
Тағдырлары екі арнада тоғысқан, Бірі ерте,бірі тым кеш жолыққан. Жанарлары жалт ететін ғашықтар, Бүгін міне үнсіз отыр сондықтан. Сағынатын,сарғаятын күндердің, Жалғыз ғана кейіпкері сен едің. Айта алмаймыз сағындым деп айтпаймыз, Себебі біз іштей бәрін түсінеміз. Қашыннан сен өзгеліксің жаныма, Маған енді бұлай жылы қарама. Тағдырың бар басқаменен қосылған, Мені енді бар екен деп санама. Тағдыр бізді аямайды,білемін, Амал бар ма,қарсыласпай көнемін. Сенің сұлу ханшайымың қасыңда, Ал мен сенсіз қалай өмір сүремін?! Онгалбаева Инабат
| |
Просмотров: 1200 | |