Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 27.07.2025

Асылым
Ғашық болдым өзіңе бір көргеннен,
Бақытымды байқадым асыл дара жүзіңнен.
Жүрек соғып дамылсыз сен дегенде,
Жарым болсаң жанымда,еш армансыз өтер еді өмірден.

Жақұтысың жанымның,ардағымсың аруым,
Жібек шашың желбіреп қымбаттымсың асылым.
Ұсынамын қолымды жүрегіммен жанымды,
Арман мақсат-мұратым,болсаң деймін өз жартым.

Түнгі аспанда жүрегіме бірі болдым сырластың,
Ұғынғаным сол сырдан жүрегіме жылусың сен қымбатсың.
Айталмаймын мұнымды көзіңе тік,
Сондықтанда сезімге сен жұмбақсың.

Жырақ кетсең жанымнан сағынамын,
Көзінен басқалардың,басқалардың қызғанамын.
Неге бұлай,неге бұлай айтшы еркем,
Шарасыз,қимылсыз күйге қаламын мен.

Сағыныш моншақтарын тізіп келем,
Әрбір тасты қосу деген қиын екен.
Сол сағыныш жуырда бітеріне сеніп келем,
Сенімге арқау болған айналайын өзіңнен...
 
Досхан Исламхан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 948 | Рейтинг: 0.0/0