Жоқ дегенің
Бақытыммен байлығым өзің едің, Дәл осындай сезімді сезбеп едім. Қол ұстасып өзіңмен жүрсем деп ем, Неге жаным,неге ғана мұныма көнбегенің. Жүрегім жараланды,тағыда жараланды, Айтшы маған сезімім қашан шын бағаланды. Сенсіз өмір жоқ маған десем дағы, Көзің сенің жүрегіме қарамады. Ғашықтықтан өзіңе арман қудым, Арман болған өзіңсің дара туған. Адалдықпен сүйіп едім бір өзіңді, Ұмытпаспын еш уақыт мөлдір қара көзіңді. Қош енді қош, қош бол енді махаббатым, Өзіңсіз жар жүрегім қайта жапты тастай құлпын. Жоқ деген бір сөзіңнен өлім құштым, Сол өліммен жаныңнан,жаныңнан алыс кеттім. Досхан Исламхан
| |
Просмотров: 778 | |