Түсімде
Соңғы кез көшеден көре алмай, Тек қана түсімде көремін. Бұл ғажап сезімді жеңе алмай, Сіз десе расымен өлемін! Түсімде бәрі де керемет, Сондықтан оянғым келмейді. Маған тек күлкіңіз керек ед: Жаралы жанымды емдейді. Көп ойлай бергендіктен шығар, Түсіме сіз жиі енесіз. Шынымен, сүйгендіктен шығар, Құтыла алмадым... "кенесіз" "Ұнармын... Көңілден шығармын" Қол созам әйтеуір ұмтылып. Мен бәлкім, ақымақ шығармын, Сүймеген адамға ынтығып. Қытайдың әріпі сияқты, Алмадым мен сізді түсіне. Иә, сізге бәрібір сияқты, Тыныштық бермейсіз түсімде. Ұмытам десем де бәрібір, Түсіме рұқсатсыз кіресіз. "Шын сүйген жандардың - жаны бір!" Жүректе мәңгі өмір сүресіз! Гүлдана
| |
Просмотров: 703 | |