Ерекше екен саған деген сезімім...
Ерекше екен саған деген көңілім, Дидарыңнан көз ала алмай үңілдім. асау толқын, тасыған қан жүректен Жанарыңнан жылу таппай түңілдім. Сағынамын сәл көрмесем өзіңді, Сезім құрғыр қинап барады төзімді. Сағынамын ай дидарлы өзіңді Мұңға толы мөлдіреген көзіңді. Кешір жаным жүрек сені ұнатты, Сені ойлаумен қаншама күн мен таң атты. Саған ғана бағынышты бұл жүрек, Сенсіз өмір сүре алмайтын сияқты. АЙДАНА МОЛДАНОВА
| |
Просмотров: 933 | |