Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Періштем сол
Тым әдемі жаратыпсың Құдайым-ай,
Ерекше қыз,емес ол бақалардай.
Күнде оны көргенімде жанарыммен,
Жүрегім бірге қосылып қарағандай.

Әп-әдемі,керемет,өте сұлу,
Ғажап маған қасында бірге болу.
Бірге жүріп біз ғашық болмасақта,
Жетеді сол мағанда күнде көру.

Күнде корсем болғаны сол жетеді,
Ғашық сезім улап жатыр ұстап мені.
Бағытталды нысана маған қарай,
Атылып жатыр махаббаттың жебелері.

Түн болғанда шыққанда аспанға ай,
Мен озіңді қоймаймын бір ойламай.
Ойлап жатып түсімде көргенімде,
Әсерленіп жүрегім жылынғандай.

Ойлағанда бір өзіңді жалғыздықта,
Таң қаламын осынша сұлулыққа.
Жаратқан әдемі қып тек өзіңді,
Құдіреті өте шексіз бір Алла.

Аллаға мадақ Аллаға сансыз шүкір,
Я Аллам сол сұлуды тек қорғап жүр.
Жамандықтан сақтап жүрші періштемді,
Оның нәзік жүрегі қаққанда дір.

Періштем ғой мен үшін періште бұл,
Сыйлар едім құшағына толтырып гүл.
Сүйіп қалдым,ғашықпын жаным саған,
Жүркгімде бұлар айқын жазылып тұр.

Айдынбек Зинелкабдиев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 723 | Рейтинг: 0.0/0