Сені көрдім алғашқы рет сол күні
Сені көрдім алғашқы рет сол күні, Мендегі жүрек өзгеше бір күйге енді Сол жүректің лүпілдеген соғысынан Естілгендей бір жанның күрсінгені. Жүрек шіркін айта алмады үн қатып, Енді бізді күтер ме екен бір бақыт. Күтпеседе ризамын сол бақыт Жүре берем өз мұңымды тек өзіме тыңдатып. Жан дүниемді жайып салар жетпедіғой батылдық Батылсыздықтың кесірінен талай рет аһ ұрдық, Бірақ,бірақ өкінбеймін ешқашан Бұл тағдырдың дегеніне бағындық. Жүректегі өз мұңым өзімдікі Мұныменен болмасамда өзгеге үлгі, Тағдырда мені бір сәт сынайын деп Сол жанды көз алдыма көріндірді. Өмір маған ғашық мұңын сезіндірді, Түсінбейсің ұнатпасаң ешкімді. Себебі қайта-қайта келмейді Бір басыңа ұлы махаббат сезімі. Болар енді, жүрегім артық кетпе, Өзіңді өзің кінәлап айып етпе. Құр өкініп еш пайда таба алмайсың Иман кәміл болмаса көкіректе. Ал,достар махаббат қадірін ұғыңдар, Сүйгендеріңмен мәңгі бір болыңдар. Қамшының сабындай ғұмырда Әр жанның өзіндік жолы бар. Ақілгек Мырзабайқызы
| |
Просмотров: 810 | |