Сүймедің сірә
Сүймедің сірә, сүймедің мені шынымен, Сүйгенің болса, кетер ме едің өзгемен. Мөп-мөлдір тұнық лайладың менің көлімді Қор қылдым саған өзгеге арнар сөзімді. Күтпеймін сені, сен-дағы енді кез болма, Өмір бір, бірақ тағдырдың жолы басқаша. Жылдармен көшкен жараны ескі қозғама Емшісі уақыт, жүрегім бақыт тапқанша. Сүйгенім сені, балалық екен қоштасқан, Сенгенім саған, аңғалдық екен адасқан. Сөнгенім сен деп, күткенім екен өзгені Бағыма туған, жарым боп келер алыстан. Суретің ғана жалғайды мені сенімен, Оны да бір күн жағармын отқа сеніммен. Тек жырым ғана қалады-ау сол бір күндерден Сарғайған беттер, сиясы солып түнерген. Адал едің, арлы едің, өр едің Мінезіне осынау бір ғашық ем. Ақ парақтай білемісің,таза едің Аңқылдаған жанына да сүйсінгем Жылдар отіп, кез болдыңыз тағы да Таң қалдым -ау озгергенің қаншама Өзімшіл боп,тасқа айналған жаның да Сені осындай, қалай сүйгем, қалайша??? Құндыз
| |
Просмотров: 891 | |