Айдынға
Жастық-ау, ыстық, адасып қалдың қай сайда? Іздеуім бекер, сағынсам-дағы не пайда. Мені енді күтпес, қыдырған таныс көшелер Тек, жаным, өзің оралсаң қайта болмай ма... Аққуың болып қонбадым, Айдын, көліне, Ысырап болды сезімін-дағы, сөзің де. Жаралап кеттім онсыз да нәзік жаныңды Білмеппін, бақыт тұрғанын тұнып бір сенде. Арада жылдар өтіпті жылжып бір талай, Қалалар жатыр жолдары ұзап қосылмай. Сұрағым кейде келеді «Айдын қал-қалай?» Сөзімді соңғы айтсам-ау саған жасырмай. Бір арна болып тоғыссақ дедің, көнбедім, Мен үшін кеміп, төмендеп едің, көрмедім. Өзіне ғашық болдым-ау, бірақ білмедім Жоғалтып сені, қажетсіз енді күйгенім Құндыз
| |
Просмотров: 722 | |