Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Күзгі бақ
Тербеткен сезімімді күзгі бағым,
Кешқұрым сенде өткен балаң шағым.
Ең алғаш жүрегіме алау жаққан,
Бозбала, егіз бе еді-ау саған жаным. 

Есімде күзгі бақтың самал желі,
Тәңімді тоңдырып еді салқын лебі. 
Күле жетіп жаныма, құшқанында
Бізді қолдап ай да нұрын төкпеп пе еді...

Жапырақтың сыбдырымен сырыңда айтып, 
Жас жанымды жіпсіз матап қинағансың.
Күзгі бақтан үміттене бірге қайтып
Тағдырыма, бірақ сен симағансың.

Қош енді балаң күнім, үміт үзген,
Махаббат алауына алғаш күйген. 
Еш себепсіз, жауапсыз, үнсіз ғана
Шынайы жылай жүрек сені сүйген.

Күзгі бағым әлі тұрсын сырға тұнып, 
Мен де, ол да қайта келіп оралмадық. 
Енді сені басқа жандар пана етер
Жүрегіңнің жарасын ән ғып айтып.

Құндыз 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 823 | Рейтинг: 0.0/0