Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Бұйырыпты бір өзіңмен тілдесу
Бұйырыпты бір өзіңмен тілдесу,
Бұйырмаған жылдарды айтып мұңайдық.
Бұйырмады өзіңмен жай жүздесу 
Бұйырмаған келер күнді қимадық. 

Білемісің, кетті-ау жылдар жеткізбей,
Күйбеңімен бар үмітті үзгендей.
Өтті. Кетті. Ұмыт дейтін сан сөздер 
Жас жанымда сайрап жатты тізбектей.

Тағдыр, сенің ойынында жеңдім бе?
Іздегенім шықты бір күн алдымнан.
Әттең, сезім, өтеріңді білдім бе?
Қайырылмассың, ғайып болдың қолымнан.

Енді сенсіз, саған деген сезімсіз,
Өмірімді ақ парақтан бастаймын. 
Өткен күндер ұмыт болар із-түссіз
Сенсіз, сенсіз... жаңа өмірге аттаймын

Құндыз 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 734 | Рейтинг: 0.0/0