Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

«Махаббат туралы эссе» «Сеніменен осы әлемде бірге болу арманым»
1. Қиналғанда өмірімнің осындай бір шағында,
Кездестірем сені мен деп ойламадым қашанда.
Ашылғандай жаңа демім, болдың өзің қорғаным
Алыс қиял, армандарға жетеледің сен жаным.

2. Кешірдің де, кеше білдің сан мыңдаған қатемді,
Қабыл еттің, қабыл алдым мен де жаным бір сені.
Мұңайғанда күлкі сыйлап, ажар бердің жүзіме
Аллама алғыс табыстырған сендей жанды бүгінде!!!

3. Орындадың сан мыңдаған орындалмас арманды,
Бақыт сыйлап, үміт отын қайта жақтың бар жанды.
Осы әлем қазір міне мен үшін бір ғажап сыр
Сеніменен осы әлемде бірге болу арманым!!!

Мұқамбетжанова Ж.Б 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 1560 | Рейтинг: 0.0/0