Қайда менің сүйгенім
Сұрадым мен ауадан, Қайда деп менің сүйгенім, Білгенше оның жауабын, Шаттықсыз, мұңлы күйдемін. Қайда деп менің сүйгенім , Сұрадым сұлу Айданда. Сұрадым және аққудан, Қалықтап жүзген айдында. Сүйгенім менің қайда деп, Сұрадым жан досымнан. Сұрадым барлық құстардан , Махаббат әнге қосылған. Сұрадым және сүйгенімді, Теңізден, құмнан,таудан да, Сұрадым туған-туыстардан, Достардан да, жаудан да. Сұрадым түнгі жұлдыздардан, Сұрадым самал желден де. Сұрадым сені табиғаттан, Сұрадым қалың елден де. Сүйгенім менің, жаным-ау сені іздеймін. Жаз болсын мейлі, қыс болсын мейлі, күз дейін. Тапқанымша бір өзіңді өмірде. Бәрі бір мен үмітімді үзбеймін. Жалғыз өзің жүрегімде сүйгенім. Ғашықтықпен ояндырған сезімді. Іздеп жүрген он сегіз мың ғаламнан. Табарыма сенімдімін өзіңді. Қоштасқанда бір өзіңмен бір уақыт. Айрылғандай болам сенен мәңгілік. Кездескенім өзіңменен бір бақыт. Көк жиектен шыққандай ғой таң күліп. Қанат Байымбетов
| |
Просмотров: 897 | |