Кетемін дейсің...кеткің кеп...
Өткірлік бардай тіліңде, Шуақ нұр бардай түріңде. Құшағымда менің соңғы рет, Еркеле, жаным, күлімде. Мауқыңды басып ертерек, Қалтарып, ойға жүгін де... Кететін болсаң, жылдам кет, Болмаспыз бірге түбінде..! Естемей өткен сол шақты, Шимайлап жырт та қол хатты, Кінәлай бермей кетсең кет, Шабытым менің толғатты. Жауабым менің сол, жаным, Тістеме өксіп бармақты. Сенсіз де атар әр таңым, Махаббатым – шабыт, ардақты! Кетемін дейсің... Кеткің кеп, Адуың барар екпіндеп. Сүйе ме сені? Қарама! Сен сүйер жанға жеткін, бек. Өзіңмен өткен әр түнде, Ертеңнен уайым шектім көп. Махаббатымнан мәңгі баз кешіп, Сезімді дұшпан еттім, дөп... Біз бірге сүрдік тұрмысты, Ермек еткен бе, жыл бізді?! Ренжіткен мені әр сөзің, Ұйқымнан түнде тұрғызды. Көркіңе керім көз салып, Көзіңнен көргем нұрды ізгі. Сен кетсең, мен де бас қосам, Жырымнан жасап бір қызды..! 07.09.2010жыл. Нұрлан ИСА, Шымкент қаласы
| |
Просмотров: 730 | |