Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жырыммен сәлем жолдадым
Қол бұлғап, семіп күн нұрын,
Елес боп өткен тұр бүгін!
Ән жазған саған сол шақта,
Мен сені сүйгем.
Шындығым!

Сені ойлап кірпік қақпастан,
Сан жаққа сезім ап қашқан.
Қала да бергем мұңайып,
Тағдырға амал таппастан.

Ойламай рахат жан бағын,
Тәттісін жырдың арнадым.
Мендегі бала сезімді,
Көзімнен оқи алмадың...

Қызғаныш торлап, құралған,
Жан дүнием шықпай құмардан,
Жыр жазу түгілі бұл күнде,
Өзіңді көру Ұлы Арман...

Өзгені сүйсең,қолдадым,
Жырыммен сәлем жолдадым.
Құшағыңды кімге ашсаң да,
Мен үшін аман бол, жаным!
Жайыңды ойлап қорқамын..!

Нұрлан ИСА, Шымкент қаласы 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 729 | Рейтинг: 0.0/0