Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жан дегенде-жалғызым
Күз айың мен махаббатқа көрік берген кезең дедім,
Оған куә ару гүлім,Ақеркем сөздеріме ірең бердің.
Ең алғаш сабақ сәті екеумізді жолықтырып табыстырған,
Сол сәттен есім кетіп назарым бір сәтте-ақ саған ауған.
Шие ернін,қара-торы нұрлы сенің ажарын,
Аударасын барша жұрттың назарын.
Сендеп білем жалған өмір қызығын,
Сендеп қана назар алар менің нұрлы жанарым.
Қара шашың қос иыққа төгілген, 
Сен барда болып тұрам түс көргендей өңімнен.
Саған бақпен байлығыңда базарын,
Арнап өтсем арманым жоқ өмірден.
Сен жоқ кезде атыңды айтып көлеңкеммен сырластым,
Сені ойлаумен қанша уақыт сырықтым.
Махаббаттың сенбеуші едім барыңа,
Енді жаным қайталанбас сыр ұқтым.
Осылайша сенде сездің сезімімнің пәктігін,
Куә болдың басқа ойлар арам-пиғыл жоқтығын.
Қол ұстасып жарастық біз сәуірдің 2ші жұлдызында,
Енді бізді осындай сезіменен құдайдың өзі дағы айырсыңба.
Міне бүгін 1 жыл болды тағдырымды сенімен жалғағалы,
Шын ғашықтар жүрсе егер уақыт дағы талғамалы.
Ақеркем саған деген ақ сезімді, 
Бесік қып жүрегімде тербетермін.
Кіршіксіз махаббатқа шаң жұқтырмай,
Бөбек қып жүрегімде әлдилермін.

Еркебұлан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 762 | Рейтинг: 0.0/0