Қызығамын сәби болған кезге мен
Қызығамын сәби болған кезге мен. Қатал тағдыр тауқыметін сезбеген. Қазір басқа санаң, ойың бәріде. Ертегі жоқ бақыт күткен өзгеден. Армандар көп алға қойып көздген. Жандар қанша тағдыр жолға төзбеген. Сол тағдырмен жарысасың сынасып. Салқындаған кезге дейін өз денең. Сезім құрғұр дейтін барғой пенде де. Сол сезімің жанған кезде сөнбе де. Жарты жолда жүрек қалса жаралы. Ей махаббат маған мұң болып төнбе де. Сүйсең жанды жүрек кетіп қағыстан. Шаруаң болмас өмір деген жарыстан. Бір мақсатқа жету үшін көздеген. Жалғыз жанға қолын былғар алыстан. Сен кезіктің жаздын самал кешінде. Әлі жаным бәрі менің есімде. Содан бері сені сүйген жүрегім. Кәне бақа қыздар барма десінбе. Елестетем кейде сені қиялдап. Сол кезде бір керек есті жиар шақ. Келін болсаң сен анама аяулы. Бірге отырар банка жауып қияр сап. )) Таңда тұрып сиыр сауып шелекке. Мен жүрер ем бұзау байлап терекке. Шай қайнатып үй жинаған кезде сен. Үлгерер ең сәбиіңдң бөлеп те. Анам шығып үй алдына жай басып. Әкем шыгып дастарханга жайгасып. Таңғы шайды берер кезде абдырап. Түсіп кетер қолыңдағы май қасық. Шайдан тұрып кеткен кезде енең де. Мен қалжыңдап тұрмай шайдан көнем бе. Сен үлгермей жатканыда шаруаңа. Тиісесің пайда жоқ деп сенен де. Мен шалқаям түспе әлде өңбе деп. Жарық жұлдыз жарты жолдан сөнбе деп. Қалжыңдаймын жындандырып сөзбенен. Маған байға шықшы деген менбе деп. Қалжыңы бар шындығы бар аралас. Бір боларсын ағарғанша қара шаш. Шын сүйгендер мәңгі бірге болса да. Өз өздерін жалыққандар санамас!!!!!!!!! Ерболат Кункаков
| |
Просмотров: 771 | |