Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Сезім тамшысы
Тұншығамын саған деген сағыныштан,
Іңкәр көңіл бір өзіңе алып ұшқан
Сағынышым тұла бойды өртесе де,
Сол алауды ойланбастан қайта құшқам.

Жанарымды сенің бейнең торлаган
Сен - елессің, ару қызды арбаған.
Бурын соңды мұндай күйде болмағам,
Сені сүйіп, бәлкім, мен де сорлағам.?!

Себебі,сен - махаббатсың мендегі
О, махаббат, адастырған пендені,
Жүректерді жаланменен шарпыған
Сезімдердің тамшысымен тербеді.

Маржан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 729 | Рейтинг: 0.0/0