Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Ботам
Ботам... неге менен қашасың?
Шаршадым ғой іздеуменен тар жолыңның тасасын.
Ботам... неге желдей есесің?
Жұлым жүрек араламақ қашанғы тар көшесін?
Ботам жүрегіңде көп-ау сірә сезіктік, 
Ия білем біз тез жүрдік, тез ұнаттық, тез ұқтық.
Ақымаққа ақылды емес, ақымаққа ақымақ боп кезіктік.
Жанарымды түйіндеп сен баулама,
Құлағам мен құз тереңге, шығып көргем тауғада.
Менің жаным хайуан емен түсінсеңші,
Байланулы сен тұратын аулада. 
Ұғынуым төмен ба екен?
Асауды ұстар құрықты да,
Алдап баурар қылықты да,
Күткен едім сенен бөтен.
Неге ұшырдың арманымды?
Неге айтпадың ниетіңді қаламайтын қалғанымды.
Ұнайма әлде "неге?" деген сан сұрақпен
Өз жанымды бос әуреге салғанымды?..
Мен қорықпайм, ауыртпалық дос маған.
Жасап көргем, жасаймында әлі талай бос қадам.
Сенім кетті, іздемеймін
Адасса да түзде мейлің.
Махаббатым аққу құсты,
Мейлің қонбай олда ұшты.
Талай нәрсе жабықтырды,
Қағам есік жабық тұрды...
Жабық тұрды сен ашып ең, қара құлыпты қақ жарып,
Сол бір түні баураған ең бар сырыңды ақтарып,
Қашсаң қашшы керек емес өткен іске ақталып
Күште қалмад, ниетте жоқ бәлкім соны сақталық.
Орнатайық ал ендеше арамызды бөліп тұрар қақпа алып!!!

Ақтөре Бектұрсын 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 877 | Рейтинг: 0.0/0