Бал қылықты бағым қайда?
Бал қылықты бағым қайда? Бақыт жауған шағым қайда? Оны біреу сағынғанда Ол біреуді сағынбай ма? Күрең тартып күзде бейне, Жыламай ма түзде кейде? Оны біреу іздегенде Ол біреуді іздемей ме? Көрген кезде жылай ма екен? Таныта ма сынай бөтен? Оны біреу сұрап жүр гой Ол біреуді сұрай ма екен? Жапты ма екен көзін айла? Жүр ме қолын созып айға? Оны іздер жан осына отыр, Қазір оның өзі қайда? Еске түсіп сезім бейне Сала ма екен көзін кейде? Оны біреу сезеді ғой Ал, ол оны, Ал , ол мені сезінбей ме??? ЖАСУЛАН ЖАКСЫЛЫКОВ
| |
Просмотров: 794 | |