Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

ӨЗГЕ ТҮГІЛ ӨЗІМЕ ДЕ ҚИМАЙМЫН
 Жаны жайсаң жандардың жалғызысын,
Жақсылыққа жаның құмар,алтын-ішің.
Бейнең сенің айтуға сөз жетпейтін,
Қарауға айдың өзі қимайтұғын.

Көздерің көл суындай тұп-тұнық,
Шаштарың-қалың орман,қас-қиық.
Салмақты да сабырлы мінезіңе,
Сынбайтын арулар да жүр сынып.

Қолдары күн нұрынан нәр алған,
Жаурағанға жылу сыйлар қашаннан.
Жаралайтын арулардың жүрегін,
Кербез жігіт жылатуға жаралған.

Талай ару іштен тынып айта алмай,
Жүрек дертін жүр ғой әлі жаза алмай.
Дидарыңды аңсауменен өтетін,
Айналаңда қыздар көп қой қаршадай.

Жан емеспін жаным сені қинайтын,
Жырақтама жаңа өмір сыйлайын.
Кетем деме,өйткені,мен өзіңді,
Өзге түгіл өзіме де қимаймын!!!

Онгалбаева Инабат 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 1046 | Рейтинг: 5.0/1