Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Сағындым
1.Күлімдеген көзіңді мен сағындым
Нұр ойнаған жүзіңді мен сағындым
Таңқаларлық әсем ару жан құрбым
Хор қызындай өзіңді мен сағындым

2.Нұрын төккен мейіріміңді сағындым
Маған жазар тілегіңді сағындым
Жараланған жас жаныма көмек берген
Жылу берген жүрегіңді сағындым

3.Қолаң қара қасыңды мен сағындым
Қою қара қасыңды мен сағындым
Мені қайта тірілткен бұл өмірде
Қимас асыл досымды мен сағындым

4.Сиқыры сенің наз күлкіңді сағындым
Әсем сұлу көркіңді мен сағындым
Жаныма қуат, жүрекке жылу сыйлаған
Сендей асыл жан құрбымды сағындым

5.Сенімен жүздескен күндерімді сағындым
Екеуміз сырласқан түндерімді сағындым
Жүрегіңнен менің жүрегіме жол тартқан
Жаралы жүректі жылытқан сөздеріңді сағындым
Серик Б
ЕРКЕ ҚЫЗҒА 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 963 | Рейтинг: 0.0/0