Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

МАҒАН МӘНСІЗ МАХАББАТТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ
Тас мүсінмін сен үшін жүрегі жоқ,
Қуыс кеуде,тек адаммын сүйегі жоқ.
Жалғыздыққа жетелейтін үнемі,
Маған мәнсіз махаббаттың керегі жок!

Жұлдыз санап,өзіңменен ай көргем жоқ,
Қырға шығып,бірге жүріп гүл тергем жоқ.
Өмір бойы сенен бөлек жүретін,
Маған мәнсіз махаббаттың керегі жоқ.

Алыс жүрміз әлі көктем мезгілінде,
Бірақ жаным өшпейді бейнең мүлде.
Қасыңда болғаныммен құша алмасам,
Маған мәнсіз махаббаттың керегі не?!

Бірге жүріп,бір болмасақ қай кезде де,
Көмек беріп,сыйласпасақ қажетінде.
Ғашықтардай сыр бөлісіп жүрмесек,
Маған мәнсіз махаббаттың керегі не?!

Жаралған ғой білемін жаның нұрдан,
Атың-алтын,құралған сөзің жырдан.
Өмір бойы шын беріліп сүйер болсаң,
МАХАББАТТЫҢ ЖОЛЫНДА ЖАНЫМ ҚҰРБАН!!!

Онгалбаева Инабат 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 808 | Рейтинг: 1.5/2