Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жолығып жанды қылды әлек
Жолығып жанды қылды әлек,
Ол жайлы айтар сыр да көп…
Қонған - ай кеште қырға кеп,
Тағылар оған сырға боп…
 
Төрiне жұлдыз тiзiп көк,
Сәулесiн әлсiз үзiп тек…
Сол жұлдыз баяу жүзiп кеп,
Саусағын сүйер жүзiк боп…
 
Ығысып түнек, түн кемiп,
Таңға жол берсе, күнге ерiк…
Шапағы сансыз түрленiп,
Алқасы болар күн келiп…
 
Таңымды бөлеп шұғаға,
Түндерде енген дұғама,
Кiнала мейлi, сына да,
Ол кiм деп досым сұрама…
 
Теңеуге таппай еш ұғым,
Не тылсым, ұқпай не сырын…
Етiңдер достар кешiрiм,
Айтпаймын әзiр есiмiн!
 
Не болды? Несiн күлесiң?
Ол-Хақтың сыйы, үлесiм,
Бұл сырдың бүге-шiгесiн
Тойыма келсең бiлесiң…
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 878 | Рейтинг: 0.0/0