Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 12.04.2026

Махаббат-бал
Махаббат-бал, биік сезім мұнардай,
Бір көргеннен мүмкін саған ұнар жай.
Айналдырған өзің соны құмарға-ай,
Жылайсыңба, жыла үніңді шығармай!

Махаббат-бал, бал татитын балмұздақ,
Ауырсынба? мейлі ауырсын, ал сыздап.
Жүректегі қауыз жармас олсыз бақ,
Жылайсыңба, жылап алғың жалғыз қап!

Махаббат-бал,ала алмайсың күнде жей,
Мазалайды кезі келсе түн демей.
Түсінбедім шын сезімге кім кедей,
Жылайсыңба,жылап алғың үндемей!

Махаббат-бал, жүрек титтей жұдырық,
Жолаушыдай сезім жүред қыдырып.
Шыңға шығар, қалар кейде жығылып,
Жылайсыңба, жылап алғың тығылып!

Махаббат-бал,сатса алар ем өлшетпей,
Жанымдағы ең қымбат бір бөлшектей.
Ол зор дауыл ала алмайтын жел беттей,
Жылайсыңба, жылап алғың көрсетпей!

Махаббат-бал, тек ғашық жан түсінген,
Дәлелдейсің алайда оны ісіңмен
Қыр көрсеткен пайда бермес күшіңнен,
Жылайсыңба, жыла үнсіз ішіңнен!

Махаббат-бал, уыда бар ішпейтін,
Тісіде бар жараласаң тістейтін
Ыстық сезім ешқашанда үспейтін,
Жылап алғың ісің болса істейтін!!!

Ақтөре Бектұрсын 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 872 | Рейтинг: 0.0/0