Оқыған кезде көз жасы тұратын
Оқыған кезде көз жасы тұратын, Жұлмалап жанды жүректі жыратын Қайғыдан қашан айықтырасың, Аталғым келмейд мұңлы бір ақын. Тек ғана көріп қарасын ақтың, Ұмыттым дәмін бақытты шақтың Бала емеспінбе көмекке зәру, Қолымды неге керіге қақтың. Он сегізімде жазарым қайғы, Серікқып түнде жаныма айды Енді бір жиырма жылдардан кейін, Қорқамын не деп жазарым жайлы. Қолымда тесік тағдырдың шелегі, Өзіңе мәлім көмектің керегі Күн өткен сайын қалайтын ойым, Жыраққа қашып кеткім тез келеді. Ренжи аламба өмірге рас-ақ? Тағдырға қарсы қадамды жасап Жүрегім мына соғып тұрғанда, Күресе берем сондықтан босат. Ақтөре Бектұрсын
| |
Просмотров: 736 | |