Ғашығыма
Сол кездері ғашық болдым өзіңе, Сыңғырлаған балдай тәтті сөзіңе. Жүрегімді жауларыңды кім білген, Бар сұлулық тұнып қалған жүзіңе. Еркелейсің, жымиясың сен маған, Ақын болдым өзіңе өлең арнаған. Жаратты екен қалай сені Тәңірім... Қылығымен бар адамды баулаған. Күндерім, сенсіз жаным мұңданады, Сенен басқа сырымды кім ұғады? Ғашықтық сезіміне берілген соң, Сәл көрмесем сені жүрек сағынады! Қалаймын болғаныңды өзіме жар! Өзіңнен әрқашан да үмітім бар. Алланың берген маған сыйы болсаң, Жанымды жұбататын өзің болар. *** Саған арнап жазамын өлеңімді Біле тұра сені қайта көрерімді Ұялғандай тұрасың кездескенде Төмен қарап түсірсең көздеріңді Қалаймын жүргеніңді күлімсіреп Кей адамдар сол үшін өмір сүред Қолыңда бақыт құсы болмаса да Әр уақытта жүргейсің күлімсіреп Ұнатасың махаббатты өлеңдегі Қозғайды ол сезімдерді жүректегі Шын махаббат жазылмас сияменен Қылықтармен көрінер өмірдегі *** Көргім келіп сенің әсем күлкіңді Елемедім болып өткен күн- түнді Ұялғанда тал шыбықтай майысып Төмен қарап тыққандайсың көркіңді Шашың қандай қою қара өрілген Жасырсаң да күн нұрындай көрінген Қос жанарың мөлдіреген маржандай Көрген адам көз алалмай сүрінген *** Қоштасуға тура келер өзіңмен Қимастықты байқадың ау сөзімнен Уайымдама қоштасуды ұзақ деп Ұзақ емес адамдағы ол төзімнен Мұңайғанда есіңе ал өлеңімді Күлгеніңді біл әрқашан көрерімді Ойыңда мен қашанғы болам десең Біліп қой есімде әркез жүреріңді Ішің пысса телефон қосулы тұр Қолыңа ұстап бетіне қарама құр Теңесем боласың күн секілді Жүзіңнен шашылғандай арайлы нұр Сау болғай, амандықта кездескенше Бет пе бет бірге келіп жүздескенше Мұңайма, ешқашанда мұңаймағын Кездесіп ай аяғы үндескенше!
| |
Просмотров: 827 | |