Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Қоштасу
...Құлып салып түңғиық сезіміңе,
Елең етпей ешкімнің лебізіне...
Ышқынып кеп, құлаштап сыр-сандықты
Лақтырдың ба Қоштасу теңізіне?

...Батып бара жатыр ма ана сандық?
Біз жағада қол бұлғап қала салдық...
Тұздалған тілім-тілім сүр жүрекке
Әшекейлеп әдемі жара салдық...

Теңіз-шал бұған қалай шыдап тұрды?
Асау толқын жағаға бір-ақ ұрды!..
...Шашылған сандық сыры сіңген ағаш
Қалшылдап, дір-дір етіп жылап тұрды...

Отқа күйген көбелек секілденіп,
Не ұша алмай, қона алмай, екіленіп...
...Жәудіреп тұр қыларға қайран болмай
Көзімізде телмірген жетім елік...

Айсара 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 644 | Рейтинг: 0.0/0