Санап көр санағышым
Санаулы күн,санаулы ай,санаулы жыл, Санай жүріп,самайлар ағарды кіл, Уақытты не пайда санағаннан? Алатұғын өмірде бағаңды біл! Қанша күнің санап көр, текке кетті, Қанша жанды,санап көр өкпелеттің, Адамдықтан адасып,қаншама рет, Қаншама рет ауытқып шетке кеттің? Қанша жүрек түбіне тұрақ тептің? Қанша жанның жүзіңе шуақ септің Қаншама рет қуанып бардың-дағы, Қанша адамның алдынан жылап кеттің? Ал енді санап көр санағышым! Сарқылмастан тұрғанда сана күшің, Не жақсылық көрсетті адам саған? Не жақсылық жасадың адам үшін?! Ернар Смагулов
| |
Просмотров: 891 | |