Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Хат қоржыны
Көкірегім ояу, сезім тасып ұйқым жоқ,
Асқазанға ас барды, әрине қарыным тоқ.
Іздегенім өзің, айналайын жарығым,
Сені ойлап сағат үште, саған хат жазамын!

Сәлем! Қалайсын айым? Үй ішің аман ба?
Суыңды құйып жүрсің бе, суы жоқ құманға.
Сағынғаннан өтпей ақ, ойымдасын әрқашан,
Шығып жүрме, жолға шыққан көрінбейтін тұманға.

Ауырмай жүрсің бе? Нәзік денсаулығың қалай?
Мен жүрмін ғой, букет гүлді саған ұсына алмай.
Ұсынудыңда мен үшін, бір уақыты да болар,
Осы айтқан сөзім, сертімде мәңгі қалар.

Менің сағынғанымды, осы хаттан сезерсін,
Сені сүйсем егер, осы хаттан білерсін.
Мені ойласаң, сағынсаң бір жауап етіп,
Бір мезгілде маған қарай ұшып келерсің.

Мен болсам, далада хат жазып отырмын,
Жүрегіме сағыныштың жылулығын толтырдым.
Фотоңа қарап, айға қарап тамсанам,
Жарығым деп, жүрегіммен үнсіз ән салам.

Жағдайымды білгің келсе, жағдайым жаман емес,
Білесің ғой айым, сенсіз өмір маған керек емес.
Денсаулығымда жақсы, бәрі де керемет,
Бір нәрсе жетіспейді, сенің жаның керек ет.

Мәңгілік қасымда болуыңды мен аңсаймын,
Керек болса сен үшін, болашақты жасаймын.
Өміріме тек қана өзің ақ жетіспейсін,
Өйткені, осыларды мен әркез қалаймын.


Не істеп отыр екенсін? мен үшін өте қызық,
Отырған шығарсын бір дәптерді шимай сызып.
Ішің пысса әркезде өлеңімді оқырсын,
Ойыңа қатты алмай, жай ғана тоқырсын.

Агенте отырсын, сәлем деп жазайын ба?
Сағыныштан өзіңе, асығып барайын ба?
Агентте де сойлессекте, әңгімеміз жарасат,
Агентегі сөздеріме, кімдер менімен санасат.

Жарық түскен бейнеме, айдың жарық сәулесі,
Ұмтыла береді, Ғабиттің мына кеудесі.
Кеудемдегі керуен жолы ізін салып өзіңе,
Асығады, басынбайды жарып шыққан тәубесі.

Сенің айтар қылықты сөздеріңді сағындым,
Сағыныштан хат жазып, жіп секілді байландым.
Шыр байланған жібімді шешу, сенің қолыңда,
Сағынышымды басатын әркез сенің жолыңда.

Мен сені сағынамын, бірақ оны сезбейсін,
Менің алыс құшағымды, көзді жұмып тербейсін.
Саған деген сағынышым, жер мен көктің арасы,
Сағыныш деген, Ғабиттің шексіз бос жатқан даласы.

Сен Ақтау, мен құмды аймақтан,
Осы қашықтық, мені әркез шайқалтқан.
Махаббат, ол төзім мен метрдей,
Мен жүрмін, төзе білмей, сезінбей.

gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 769 | Рейтинг: 0.0/0