Кешір мені
Кешір мені, егер сені ренжітсем, Көңіліңді қабағыммен түсірсем. Кешір мені, басқалай мен қарар ем, Көздеріме енді бір сәт көрінсең. Ұзақ болды жүргеніме қиялданып, Кешірші! Жететін шығар мұңға батып?! Ғайып болды өмірімнің бар арманы, Жанарымнан шыққан жаспен бірге ағып. Енді ойлаймын, бұл жағдай қайталанбас, Саған деген сезімнің гүлі солмас. Ес жиып, ертеректе ойланайық, Жүректі алдай беру оңай болмас! Мақсат ГАКАЕВ
| |
| Просмотров: 1240 | |