Сүйемін сені,ұмыту мүмкін емес қой
Сүйемін сені,ұмыту мүмкін емес қой, Кеткенің сенің алыстап кеткен елес қой. Сүюге сені тиісті неге екенмін, Мазалап жатыр көмескі қиял,елесті ой. Бақытқа балап сенімен өткен күндерді, Ойлайтын болдым қайталап соны күнде енді. Жымиям бейнең алдымнан өтсе егерде, Ұмытып барам бірақ та шексіз күлгенді. Есімнен кетпей,түсімнен шықпай сен жүрсің, Күнімсің жанған,ынтызар саған мен гүлмін. Жүрек те жылар,көңіл де жылар амал не, Жүрмін ғой тілеп жыласам-дағы сен күлсін. Сендегі жүрек,қайдағы күйді кешуде, Мендегі тілек,жауапсыз жұмбақ шешуде. Сен-дағы мені,мен сені егер аңсасам, Жазған ғой бізге амалсыз тағдыр кешуге. Тағдырға көндім,сұраман одан жат тілек, Саған ғана мендегі бар ақ жүрек. Іштегі дертім өртеніп,күйікке мейлі айналсын, Жүрермін саған бақыт пенен бақ тілеп. Бақытгүл
| |
Просмотров: 751 | |