Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Махаббат алаңында
Шын сезіммен қарадың ба?
Мөлтек сыр бар жанарыңда.
Бақытымды сүйгендеймін,
Мен махаббат алаңында.

Тұла бойдан түсіп бір мұң,
Сені алғаш құшып тұрмын.
Екеумізге таныс бұл маң,
Табыстырған пысық құрбың.

Жұпарлым, сәл дірілдейсің,
Қырдың жауһар гүліндейсің.
Жан жылуы – жаз дидарың
Жадырайды күнімдей шын.
Зілсіз қарап, үнсіз ғана
Күлімдейсің, күлімдейсің!

Іңкәр жүрек дүрсілімен
Сыр толқытып, күрсініп ем...
Тәңір куә тәтті үмітке,
Сәттілік пе, бұл шынымен?!

Қойған сені ұнаттырып,
Сезім – сергек, тұрақты, нық.
Сертімді тек сеніп ұста,
Мына кешке шырақ қылып!

Еркеғали Бейсенов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 829 | Рейтинг: 0.0/0