Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Сезім шіркін әдемі екен, әдемі
Сезім шіркін әдемі екен, әдемі! 
Пенде болып ойлайды екенсің әрнені...
Кейде мұңлы өтеді екен күндерің,
Кейде шаттық, кейде күлкі, кейде мұң.
Бірақ бірақ ойлайды екем әрнені
Санамда жатыр екен сансыз ойлар... 
Сол ойлармен ойлайды екем өзіңді
Ойлаймында - бір қуанам, бір мұңаям
Сезім, сезім,сезім шіркін әдемі 
Ойыма алсам бір өзіңді қуанам!
Қуаныштан қағазыма жыр жазам.
Кінәласаң сен мені кінәлай бер,
Алайда ол бола алмайды - 
Сезіміме еш кедергі!
Кейде еріп кетеді екенсің жетегі боп,
Кейде одан қашасың мезелі боп,
Сезім шіркін әдемі ғой әдемі! 
Сонысымен қызық болар, сезім деген...
Кейде қашып тығыласың бір жерге
Кейде қуып жете алмайсың қадіріңе!!!
Сезім шіркін әдемі ғой, әдемі!

Баян 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 861 | Рейтинг: 0.0/0