Сендей жанды таба алмаспын
Қарамадың, қарамай кеттің сен маған, Ойламадым, арналар деп жырым саған. Кетіп қалдың, бұрылмадың артқа қарап, Жүрмін енді, қиялдаумен сені аңсап. Махаббатым, ойлап жүрмін мен сені, Алғашқы сүйгенімсің өмірдегі. Түсінбестен сезімімнің барлық сырын, Ұшып кеттің аққуға айналып көлдегі. Сендей жанды таба алмаспын енді мен, Кездестірмеймін жағатынды көңілге. Ұнатпаспын дәл өзіңдей басқа қызды, Ұмытпаспын, мәңгі өзгемен кетсем де. Мақсат ГАКАЕВ
| |
Просмотров: 1029 | |