Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 21.06.2025

Орамал таққан аруды ұнатамын
Мен, сірә бақыттымын
Белгілі орамал таққан қызға ғашықтығым
Өмір шеңберінде кетсем де адастырып
Арман, қиял құшағында өзімді табыстырдым

Естігем жоқ, сынғырлақ, нәзік үнін
Көргенім жоқ, қара шаш, қабақ қалыңдығын
Көрсетпесең көрсетпе, өң-бойыңды
Дәл түсімде, жоқ орамалсыз, табыстырдым

Айына бір көргенде, бір қарармын
Бойыңда ұяң, иман біткен, ех қарағым
Ақ шүберекпен оранған, ақ бейнеңнен
Ештеңе таппасам да, көп қарадым

Жүрек біреу, жалғыз болар ұнатарым
Тәтті бал арасына құлатарым
Мен білсем, өзі ақылды, өзі сұлу
Орамал таққан аруды ұнатамын

Исатай 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 904 | Рейтинг: 0.0/0