Мұңмен сырласу
Жалғаннан жалықтым, мен тағы шаршадым, Салады тағдырым жолыма қанша мұң? Арпалыс өмірмен тағы да алысып, Үнсізде сабырмен демімді аламын... Қаламым қиында жолыма ермегім, Жазам деп бір өлең тағы да терледім, Ойымда жиналған жалынды ойлардың, Біреуін тіпті де өлеңге термедім. Қаламым қолымда... Биікке сермедім, Ақысын жүректің өзгеге бермедім, Кетпейсің жадымнан сен неге жанарым, Сен берген бақытты өзгеден көрмедім. Не пайда өзіңсіз бұл сүрген өмірден, Теңбе деп ойлаймын бұл өмір өліммен, Махаббат неге де соншалық қиынсың, Сезімім жатыр ғой жанарда көмілген. Махаббат неге сен соншалық қиынсың, Бақытты болсын да, кезінде қиылсын. Жыласын, қайтеді бейкүнә жас жүрек Аллаһтан сұрасын, Аллаһқа сыйынсын. Шара не сезімім жыласын, құласын, Кейіпің мәңгілік жадымда тұрасың, Бәлкім сен жанарым кешігіп келерсің, Тұншығып жыларсың, тынарсың! Мадина Айымгүл
| |
Просмотров: 727 | |