Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Шын ғашықпын пері қызға!
Мен бір сері ынтызар пері қызға,
Пері қыз түсермісің қолымызға?!
Сейпүлмәлік секілді сені іздесем
Жанды пида етеміз жолығызға.

Перизатым, қайдасың, мен қайдамын?!
Сені іздеуге тәуекел бел байладым.
Шыңдарына Алтайдың шығып алып,
Айқайлағым келеді,айқайлағым.

Сонда жаным келерсің мені естісең,
Маған айтшы сырыңды жел естіген
Қинап жаным сергелдең қылдың мені,
Иран- бағың бұл жақта емес білем.

Елесіңді көрмесем сенделер ме ем?!
Сендей сұлу көрмедім өңгелерден.
Перизатым әкетші мені өзіңмен
Пенде қылмай осы бір пенделермен.

Несіне ғашық қылды пері қызға?
Пендесің деп тастама мені құзға
Бұл ғашықтық шынымен шын ғашықтық,
Бағымыз ба білмеймін сорымызба?!!

Бақытбек Қадырұлы 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 853 | Рейтинг: 0.0/0