Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жасаса да өзіңе мың қыз жорық
Жасаса да өзіңе мың қыз жорық
Желбіреп іңкәр сезім тыншымайды,
Желіріп асау үміт шымшылайды.
Өзегім барады іштей өртеніп,
Қам көңілім боз інгендей шын жылайды.
Денемде сыздап ыстық қаным жүріп,
Кеудемді тер басады әлім құрып.
Әуреге салғаныңша мені мұнша,
Мәңгілік жіберсеңші жалын қылып.
Жайымды істеді ме тағдыр біліп,
Атпады неліктен ал таң нұр күліп.
Жанымды мұздатқанша қатқан мұздай,
Жіберсеңші аспанға жаңбыр қылып.
Қойдың ғой аңсатқызып,сағындырып,
Ұнаттың ба қойғанды жалындырып.
Ақша бұлттың ішіне қосып жібер,
Бірге жібер,жаным-ау,сағым қылып.
Алғанымды бере алмай барып тұрып,
Қиналдым да,қинадың тарықтырып.
Күн қасына көмекші еткін мені,
Жырақ жібер өзіңнен жарық қылып.
Жасаса да өзіңе мың қыз жорық,
Қызғанбаймын мен сені күндіз көріп.
Түн кірпігін ілгенде сығалайын,
Дәу ғаламда кішкене жұлдыз болып.
Не істесең істегін,кет демеймін,
Ысырмаймын,кет демей шетке кейін.
Сенің адал көңіліңді жүдетіп,
Мен бәрібір көгеріп,көктемеймін.

Бақытгүл 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 791 | Рейтинг: 0.0/0