Сен кеткенде
Ой-қиялдан кетеді жыраққа арман, Еске түсер естеліктер жырақ қалған. Сезбейсің ғой жай-күйімді,сезбейсің, Сен кеткенде шынымен жылап қалғам. Мінезім бар,алайда бұла жанмын, Қиындыққа сен берген шыдағанмын. Бір түйір көзден аққан жасымды сен, Көрмедің бе,мен сонда жылағанмын. Қиналамын,қимаймын дей алмадым, Іште кетті айтылмай кей арманым. Түсім шығар түндегі деп ойладым, Өңімде болса-дағы сене алмадым. Жанарым мен жүректі езді уайым, Көтертпейді кеудемді жезді қайғым. Мынау аспан түнерген,жабырқаған, Бір мұңайған,мұңымды сезді ай-күн. Кетпе менің сүйіктім, сен қасымнан, Дей алмадым бақ құсым ұшпа басымнан. Кете бардың қарайламай басқаға, Тым құрыса қорықпадың-ау жасымнан. Бақытгүл
| |
Просмотров: 893 | |