Оңашадағы ода
Бота көздім, сүйкімдісің! Тіл жеткісіз сұлуымсың сен менің! Неге екенін итім білсін, Өзің ғана өз теңім деп сенгенім!.. Сенен басқа сыңар болар елде кім?! Қоспағанда сырға мұңды, Жанарымнан жанарыңа бақ тұнды. Саған жазған жырларымды Талай жігіт талай қызға хат қылды. (Mail-агентпен, СМС-пен лақтырды). Ыстық сезім еркі жеңбей, Ыстық ерін тамызар ма, бал-ағын?!. Шағын допша серпігендей Саусақтарды доп-домалақ анарың!.. Шалқып, балқып, көкте қалқып барамын! Қыпша белге артылғанда, Қос білекті бүркеп алды шаштарың. Аймаладым алқымнан да, Алқынғанда, аптығымды баспадым!.. Ұмытпағын, осы сәтті қас-қағым! Әфсанаға сенемісің? «Шын ғашықтар қосылмайды» деуші еді... Жұтып қойғым келеді шын, Тәп-тәттім-ау, сүймек түгіл мен сені! ...Езіп кетсең, тіктемеспін еңсені!!! Еркеғали
| |
Просмотров: 811 | |