Өкінемін!
Өкінемін алғаш сені сүйгеніме, Өкінемін мұңлы күндер келгеніне. Өкініш бойымды менің жайлап алды, Өмірімді байлап алды төркініне. Беріліп махаббаттың еркіне, Беріліп алдамшы бір сезімге. Басылмай жүр кеудемдегі алауы, Бес жыл өтті ұнатумен өмірде. Махаббаттың сезілмеді жылулығы, Мәз-мейрамның келмеді ғой ұлылығы. Мас кісідей жолыққан бір бәлеге, Мазасыз жүрегімнің әр қылығы. Қырсықтық шығар мәңгі мені адастырған, Қызғаныш шығар сені менен алыстатқан. Қайғы-мұң келе жатыр артымнан, Қыстай салқындық сезіледі арамыздан. Өкінемін, бұл өмірдің қаталдығы-ай, Бұрылмайды артқа уақыт зымырап-ай! Мен – ғашығынан көңілі калған адам, Қалай сүйсем де – бұйырмады, Тағдырым-ай... Мақсат ГАКАЕВ
| |
Просмотров: 798 | |